412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандықтар белгілі журналист Б.Құранбекті ақтық сапарға шығарып салды

  • 303
  • UPD: 14:11, 19.05.2020

49 жасқа қараған шағында фәниден бақиға аттанған танымал тележурналистің артында қалдырған ізі сайрап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол тізгінін ұстаған бағдарламалар көзі қарақты көрерменнің көңілінен шығып, ол басқарған ұжым талай-талай биік белестерді бағындырғаны белгілі. Рамазан айында өмірден өтіп, қасиетті Қадір түніне қараған күні жамбасы жерге тиген талантты әріптесіміздің қазасы қабырғамызды қайыстырып кетті. Себебі ол бір әулеттің ғана ұлы емес, алты алаштың ардақты азаматына айналған тұлға еді. Қиындыққа душар болған әрбір қандасымыздың ауыртпашылығын жан-жүрегімен қабылдап, қаймана қазаққа қамқор бола білді. Мен Бейсенді шәкірт тұтсам, ол ұстазынан оза шапқан тарланбоз журналшы еді. Біздің ендігі міндетіміз – «Бейсентану» ғылымын мықтап қолға алу дейді ардагер журналист Нұртілеу Иманғалиұлы.

Нұртілеу Иманғалиұлы, журналистика ардагері:

– Қазақстан телевизиясының тарихында өзінің мектебін жасаған адамдар аса көп емес. Соның бірі және бірегейі – бүкіл халық жақсы көретін Бейсен Құранбек. Сондықтан мен әріптестеріме айтқанмын, тағы да айтамын, «Бейсантану» ғылымын қалпына келтіруді ойластыру керек. «Бейсентану» мектебін жасау керек. Ұстаздан озған журналиске жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын деген ыстық ықыласымнан басқа не айтамын? Қош бол бауырым, Бейсен!

Арман Балтабайұлы, «Ел Арна» телеарнасының директоры:

– Қашан көрсең де «Әй, батыр, қалайсың?» деп, болар елдің жігіті бірін бірі батыр деп айтады. Амал жоқ! Барар жері жәннат болсын! Жақындарына, туған-туысқандарына өзімнің атымнан, достарымның атынан, «Хабар» агенттігінің ұжымының атынан көңіл айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы