428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«5-10-20» пилоттық жобасына қатысты «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгеріс енгізіледі

  • 343
  • UPD: 14:09, 19.05.2020
«5-10-20» пилоттық жобасына қатысты «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгеріс енгізіледі

«5-10-20» пилоттық жобасын іске қосу үшін «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты. Әлеуметтік жобаға пәтер кезегіндегілер қатысады. Елімізде 600 мыңға жуық адам баспанаға мұқтаждардың тізімінде тұр. Олардың басым бөлігі бюджеттік салада жұмыс істейді. 60 мың адам – жетімдер үйінде тәрбиеленгендер. Басқа да санаттар бойынша мыңдаған адам кезегін күтуде. Мемлекет басшысы «5-10-20» бағдарламасын іске асыру үшін 390 млрд теңге бөлуді тапсырды. Берілетін несие сомасы әр өңірдің нарығына байланысты белгіленеді. Бұл жоба табысы аз тұрғындарға арналғандықтан, айлық кірісі 101 мың теңгеге жетпейтіндер қатысады. Жалпы күрделі кезеңде құрылыс саласын қолдау үшін жедел жобалау мен салудың арнайы нормалары әзірленіп жатыр. Құрылысқа отандық материалдарды сатып алу міндеттелуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы