411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Қазақстан облысында көлде балықтың қырылу себебі анықталып жатыр

  • 86
  • UPD: 14:32, 19.05.2020
Солтүстік Қазақстан облысында көлде балықтың қырылу себебі анықталып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысындағы Питное көлінен 500 келі өлі балық сүзіп алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдың 18 мамырында СҚО мемлекеттік инспекторлары өңірдегі Питное көлінде балықтың қырылу фактісін тіркеді. Инспекция мамандары жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен, «Балық шаруашылығы НПЦ» ЖШС мамандарымен бірлесіп, аталған көлге зерттеу жүргізді. 500 келі өлі балық (мөңке балық) жинап алынды. Сүзіліп алынған балықтың бәрі жойылды», - деп жазады Facebook парақшасында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Мамандар балықтың сынамасын алып, лабораториялық зерттеуге жолдаған. Балықтың неден қырылғаны алдағы уақытта қосымша хабарланады.

Хабар 24 телеарнасы