423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында 9 мың жұмыс орны ашылады

  • 351
Қызылорда облысында 9 мың жұмыс орны ашылады

Қызылорда облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 276 жоба жүзеге асып, 9 мыңнан астам жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 42-сі Қазалы ауданында қолға алынып, 860 адамды жұмыспен қамту көзделген. Оған 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Жалпы ауданда екі қолға бір күрік іздегендер көбейіп, жұмыссыздық деңгейі 4,9 процентті құраған. Бұл облыс деңгейінен біршама жоғары екен. Сонымен мемлекеттік қолдау шеңберінде Ғани Мұратбаев атындағы ауылда балабақша жөнделіп, 7 көшеге асфальт төселеді. Сондай-ақ елді мекен толықтай газдандырылмақ. 75 адам жұмыспен қамтылуы тиіс. Мемлекеттік қолдау аясында Ақсуат ауылында да ірі жобалар іске асады.  

Нұрбек Күзембаев, Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

– Ақсуат ауылында 150 орындық клуб құрылысына қаржы бөлініп, облыстық бюджеттен мердігер анықталып, жұмыстар басталады. Клуб авариялық жағдайда болған. Жобасы жасалып, орнына жаңасы салынады. Балабақша да бұл жақта авариялық жағдайда болған. Соның құрылысы өткен жылы басталды. Қазір тамыз айына аяқталады, биылғы жылға толық қаржысы шешілген.

Хабар 24 телеарнасы