418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Түркістан облысының бюджеті 7 млрд теңге жоғалтады

  • 300
  • UPD: 15:08, 19.05.2020
Биыл Түркістан облысының бюджеті 7 млрд теңге жоғалтады

Төтенше жағдайға байланысты жергілікті қазынаға осынша ақша түспейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы мемлекеттік кірістер департаменті хабарлап отыр. Елімізде кәсіпкерлерге тағы да бірнеше жеңілдіктер жасалған. Мысалы, карантиннен ең көп зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдері жарты жылға барлық салықтан босатылды. Сонымен қатар 1 маусымға дейін салықтық және кедендік қарызға өсімақы қосылмайды. Жалпы, Түркістан облысында 148 мың шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Әзірге оның қаншасы тоқтап тұрғаны белгісіз.   

Баян Тұлғабаева, мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы:

– Салық қарыздарын төлеуге уақытша қаражат болмаған жағдайда Салық кодексінің 51-бабына сәйкес тиісті талаптарды сақтай отырып, төлеу мерзімін өзгертуге, яғни қарызын төлеуді 6 ай ішінде кейінге қалдыруына немесе 3 жыл ішінде бөліп төлеу жеңілдіктерін қолдануға болатынын назарларыңызға жеткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы