414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында ХҚКО жұмысын бастады

  • 376
  • UPD: 15:24, 19.05.2020
Түркістан облысында ХҚКО жұмысын бастады

Түркістан облысында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ бұрыңғыдай емес, жаңа форматта қызмет көрсетуге кірісті. Атап айтқанда, енді тұрғындар мұндай нысандарға тобымен кіргізілмейді. Алдын ала онлайн түрде кезегін белгілеуі тиіс және тек қағаз түріндегі қызметтерді ала алады. Өйткені, басым бөлігі электрондық нұсқаға көшірілген. Өңірдегі ірі қалаларда орналасқан орталықтар ғана дәл осындай режимде жұмыс істеп жатыр. Ал ауылдық жерлерде қызмет көрсету әдеттегіше жүре бермек.

Амантай Егембердиев, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» облыстық филиалының өкілі:

– Жаңа форматқа сәйкес, ХҚКО 97 қызмет түрін қабылдауда. Ал қалған электронды қызметтердің баршасын халық өздерінің үйлерінде немесе қазір халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарын ашып жатырмыз. Сол жақтан ала алады. Енді біз халықтың жиналған толқынына қарай бақылаймыз. Егерде адам саны тағы да көбейетін болса, басқа да жерлерден ашуды жоспарлаудамыз.

Хабар 24 телеарнасы