421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылық микрохирургтер ер адамның бөлініп қалған алақанын жалғап берді

  • 315
  • UPD: 21:41, 19.05.2020

Қарағандылық микрохирургтер аса күрделі операцияны сәтті жүргізіп, ер адамды мүгедектіктен аман алып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

27 жастағы Абай қаласының тұрғыны циркулярлық арамен ағаш кесіп жатып, қолы араның астында қалып қояды. Салдарынан алақаны қаққа бөлініпті. Абай қаласының дәрігерлері науқасқа алғашқы көмек көрсетіп, облыс орталығына жеткізеді.

«Ал, мұндағы мамандар әдетте мұндай жағдайларда ампутациядан басқа жол жоқ», - дейді. Бірақ науқасты ауруханаға дер кезінде жеткізудің арқасында 4 сағаттық операция сәтті аяқталған. Нәтижесінде денесінен ажырап қалған алақаны мен саусақтарына қайтадан қан жүгіріп, қалыпқа келе бастапты.

Тимур Егімбаев, дәрігер-микрохирург:

Қазір нерв жүйесі қалпына келіп жатыр. Нәтиже жақсы болады деген үмітіміз арта бастады. Ойдағыдай болса, етігінің бауын байлап, қасық ұстай алатын болады. Бұл өте жақсы нәтиже. Әдетте мұндай жарақатта өлген денені алып тастаудан басқа амал жоқ. Бірақ бұл жолы науқастың уақыт оздырмай бізге жеткізілгені үлкен септігін тигізді. Осындай жарақаттардың көбі соңғы кезде болгарка деген құрылыс құралын дұрыс пайдаланбаудан болып жатады. Ол тері тіндерін жыртып кетеді. Сондықтан абай болған абзал.

Денис Стефаненко, науқас:

Оң қолымның алақаны бөлініп, түсіп қалғанын білемін. Басқасы есімде жоқ. Байқап қалған туысым ауруханаға әкелген. Осында 13 күн емделдім. Енді реабилитациялық курстардан өтуім керек. Саусақтарыма жан кіре бастады. Үмітім үзілген еді, қазір қайтадан өмірге деген құштарлығым оянды.

Хабар 24 телеарнасы