418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы жағажайлар шомылу маусымына дайын емес

  • 165
  • UPD: 21:55, 19.05.2020

Елімізде маусымының бірінен бастап суға шомылуға ресми рұқсат беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған дейін барлық жағажай талапқа сай жабдықталуы қажет. Кәсіпкерлер өз иеліктеріндегі аумақтарда құтқару бекеттерінің қызметін үйлестіруге міндетті. Көпшілік суға шомылатын орындардағы тазалық санитарлық талапқа сай болуы тиіс. Ең бастысы – қауіпсіздік. Қазір Шығыс Қазақстандағы төтенше жағдайлар қызметкерлері демалыс нысандарындағы дайындықты тексеруге кірісті.

Еліміздегі өзен-көл және су қоймаларының 70%-і шығыста. Аумағы да үлкен. Сондықтан кейбір су тоғандарының жағасындағы демалыс орындары жыл он екі ай жұмысын тоқтатпайды. Алайда, қадағалаушы орган қызметкрелерін жағажайлардағы қауіпсіздік алаңдатып отыр. Өйткені өзен-көлдер мен су қоймаларының жағасында 370 шомылатын аумақ бар. Ал, оның 60 астамына мүлде суға шомылуға болмайды.

Дмитрий Титов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Жағажайларда орналасқан демалыс нысандары үшін ең негізгі, ең басты мәселе – ол құтқару бекетінің болуы. Былтыр біздің облыста 10 құтқару нысаны болды. Биыл да осы жұмысты жалғастыруымыз керек. Құтқару бекетінсіз жұмыс істеу қиын болады.

Қиындық болмас үшін жағажайда суға батқан адамды құтқаруға арналған құралдар толық болуы тіиіс. Шомылу маусымына дайін әрбір кәсіпкер судың түбін тазалап, сүңгірлер сүзіп шығуы керек.

Блиц:

- Судың түбін тексеру кезінде түрлі тұрмыстық қалдықтар шығады. Сынған шөлмек, мыжылған құты дегендей. Ал, шомылуға болмайтын жағажайлардағы судың түбін елестетудің өзі қорқынышты.

Қорқыныш тудырмас үшін шомылуға мүлде тыйым салынған орындарға сол аумаққа жауапты кәсіпкерлер немесе жер иесі арнайы белгі қоюға міндетті. Бірақ бұл жұмыстар әлі атқарылмай келеді. Осының кесірінен өткен жылы өңірде 39, биыл 9 адам суға тұншығып көз жұмған. Халық жаппай  шомылатын жерлердегі судың санитарлық тазалағы да жіті қадағалауда болуы тиіс.

Марат Исмайлов, облыстық мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің орынбасары:

- Ең бастысы – судың сапасын қамтамасыз ету эпидемиологиялық жағдай бойынша микробиологиялық көрсеткіштері бойынша тексерілуі тиіс. Екіншіден, химиялық құрамы, үшіншіден, паразиттік жән вирусологиялық көрсеткіштерін тексеріп отыру керек. Өйткені ол өте маңызды.

Маңыздылығы сол, күн қатты ысыған кезде, әсіресе, бассейн немесе тоғандардағы су борсып, вирус пайда болуы мүмкін. Ал, биыл өз еліміздің туристері шығысқа ағылады деген болжам бар. Сондықтан облыста туристерді қабылдайтын жаңадан 22 нысан ашылады. Былтыр тек айдынды Алакөл жағасына 160 мыңна аса адам демалған.

Марат Қабақов, облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы:

- Енді Шығыс Қазақстан облысы бір күнде 34 мың адамды қабылдай алады. Республика бойынша көшбасшы болып саналады, бір күндегі сыйымдылық бойынша. Ал жекелеп айтқанда Алакөл 12 мың адамды, Бұқтырмадағы демалыс орындары 10 мыңға жуық адамды бір күнде қабылдай алады.

Қазір де қабылдауға дайын. Өйткені биыл шығыста жаз ерте шықты. Соңғы екі аптада аймақта аптап ыстық болып тұр. Халық тек жұқпалы індеттің тезірек індегенін күтіп отыр. Ыстыққа шыдамаған кейбір тұрғындар шомылу маусымын күтпестен салқындауға кірісіп кетті.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы