412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада сауда орталықтары, монша мен сауналар ашылды

  • 130
  • UPD: 10:14, 20.05.2020
Елордада сауда орталықтары, монша мен сауналар ашылды

Бүгіннен бастап елордада сауда орталықтары, монша мен сауналар ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әрине, арнайы сақтандыру шарасын мұқият ұстануы тиіс. Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қызметін қайта бастайтын нысандарға қойылатын талаптар жайынан хабардар етті. Мысалы, Сауда бутиктеріндегі сатып алушылардың саны 5-тен аспауы тиіс. Кезекте тұрғанда касса маңында, сауда аймағында және киім өлшеу бөлмелерінде тұтынушылар арасында кемінде 2 метр алшақтық белгілері болуы қажет. Бассейні жоқ моншалар мен сауналардың жұмыс кестесі 9:00-ден 18:00-ге дейін деп бекітілді. Әрі халық алдын ала жазылу бойынша ғана келе алады.

 

Хабар 24 телеарнасы