405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда волонтерлер тегін маска таратты

  • 156
  • UPD: 12:11, 20.05.2020

Кешелі бері тәртіп талаптары сәл босаңсығанымен, вирус таралу қаупі әлі сейілген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар санитарлық ережелерді естен шығармауды сұрайды. Сондай-ақ қала тұрғындарына тегін маскалар таратылып жатыр. Ал саябақтарда серуендеуге рұқсат алған елордалықтар талаптарды сақтап жатыр ма?

Елімізде 11 мамырдан бастап төтенше жағдай режимі тоқтатылғанмен, карантин әлі сақталады. Сол себепті волонтерлер қала тұрғындарына тегін маска таратса, ал полиция департаментінің өкілдері азаматтарға түсіндіру-профилактикалық жұмыстарын жүргізуде.

Азамат Садықов, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы:

– 11 мамырдан бастап төтенше жағдай тоқтатылғанмен,карантин режимі жүргізілуде.Сол себепті полиция департаменті сол күннен бүгінге дейін түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.Қазіргі таңда волонтерлермен қосылып қала ішінде бей-берекетсіз жүрген, сонымен қатар маскасыз жүрген тұрғындарға бетперделер тарқатып жүрміз.

Жалпы осы уақытқа дейін волонтерлер 2 млн-нан аса медициналық бетперде таратып, түсіндіру жұмыстарын жасады. Қалалық әкімдік маскаларды уақытында жеткізіп тұрған. Дегенмен бетпердесіз жүрген жандарға айыппұл салынбайды,тек ескерту шараларымен шектеледі.

Аян Ерментаев, волонтер:

– Жалпы, бүгін маска тарату шарасына 50-ге жуық волонтер шықты. Қазір олар қаланың әр нүктесінде жұмыстарын жалғастырып отыр.

Құзырлы органдар тұрғындардан талаптарды толық орындауды сұрайды. Себебі төтенше жағдай аяқталды деген, карантин режимі бітті деген сөз емес дейді олар. Коронавирустың таралу қаупі әл сақталуда. Егер де азаматтар сақтық шараларын жасамаса, қатаң режимге қайта оралуымыз мүмкін.

Авторы: Гүлзия Нақыпқызы, Ербол Дайыров

 

Хабар 24 телеарнасы