411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сырдария өзенінің арнасы аршылады 

  • 74
  • UPD: 14:51, 20.05.2020
Сырдария өзенінің арнасы аршылады 

Сырдарияның ұлтаны мен жиегі құмнан тазартылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

2017 жылы даярланған өзен арнасын аршу жобасына биыл республикалық бюджеттен 350 миллион теңге бөлінді. Бұған дейін Жайық, Есіл, Ертіс өзендерін тазалаған павлодарлық мердігер мекеме алғашқы жер снаряд құрылғысын әкеліп, іске кірісіп кетті. Дарияның Қызылорда қаласы тұсымен өтетін 9 шақырымы қазылып, 5 метрге дейін тереңдетіледі. Суда жүретін арнайы техника бір сағатта 900 текше метр құм шығарады. Жалпы құны 5 миллиард теңгені құрап, 2022 жылға дейін жүргізілетін жоба бойынша өзен табанынан 4 миллион 156 мың текше метр құм шығару көзделіп отыр.

Ғабит Жаңабаев, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Сырдария арнасын тазалау жұмыстары Кеңес одағынан бері жүргізілмеген десек те болады. Сол себептен Қызылорда қаласына керек жоба тұғын. Сол жұмыстар басталды бүгін. 3 жылға жоспарланған. Қазіргі таңда 1 жер снаряд құрылғысы келді. Алдағы уақытта тағы 2 үлкен жер снаряд құрылғы келеді деп күтілуде. Осы 3 жер снарядымен Қызылорда қаласы шегін тазалау жұмыстары атқарылады.

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы