411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да бірнеше кәсіпкерлік нысанның жұмысы жанданды

  • 70
  • UPD: 16:09, 20.05.2020

Солтүстік Қазақстан облысында да сауда-ойын сауық орталықтары, сапаржайлар мен моншалар және де жаттығу залдары ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл нысандарда санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Нұсқаулар бұзылса, санитар мамандар қайтадан жауып тастайды.

Бұл дауыстың естілмегеніне екі айдай болды. Бүгін Петропавл сапаржайынан аудандарға 20 автобус шығады. Біреуін Армияш Мусина күтіп отыр. Ол қаладан 3 бөлмелі пәтер сатып алып, ауылына кетіп барады.

Армияш Мусина, Майбалық ауылының тұрғыны:

– Бұл адамдар қалай болса солай, ашық-шашық жүрсін деген емес. Әрине, масканы бәрін сақтау керек. Бір-бірімізбен арақашықтық сақтауымыз керек. Өйткені, ертең бұдан да жаман болып кетуіміз мүмкін. Осы беріліп тұрған мүмкіндікті біз орынды пайдалаунымыз керек. Орынды, тек қана керек жағдайда ғана үйден шығып, қажетімізге ғана.

Жүргізушілер де сақадай сай. Сергей Андреев екі ай үйде отырып, бүгін бірінші рейсіне шығайын деп жатыр. Жолаушыларға тұрып баруға болмайды. Маска міндетті түрде.

Сергей Андреев, автобус жүргізушісі:

– Әлі жолаушылар аз. Көбі білмейтін шығар. Қазір ауылдағы адамдар зейнетақы алып, қалаға қатынайды. Тіршілік біртіндеп баяғы қалпына келеді.

Петропавлда монша, жаттығу залдары мен ірі сауда орталықтары да ашылды. Кинотеатр, балалардың ойын алаңдары мен тамақтану орындары әзірге жабық тұр. Кіріп- шығу қатаң қадағаланады. Жұмыс кестесі таңғы 10-нан кешкі 5-ке дейін. 

Айнаш Сағандықова, облыстық тауарлар және қызметтер сапасын бд баспасөз хатшысы:

– Осы объектілерде қатаң түрде санитариялық талаптар сақталуы тиіс. Кірген кезде объектілерге адамдардың температурасын өлшеу керек және қолды дезинфекциялық санитайзермен өңдеуі тиіс. Және де осы қатаң талаптарды сақтамаған кезде осы объектілерді жабуға дейінгі шараларды қолданамыз.

Өңірде Тайынша қаласы ғана жабық. Онда бір адам ауырып, ауруханада жатыр. Санитар мамандар сақтық шараларына әлі де сақ болуға шақырады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы