429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда бақылау-өткізу бекеттерінде кептеліс пайда болды

  • 320
Алматыда бақылау-өткізу бекеттерінде кептеліс пайда болды

Бірнеше күннен бері таңғы уақытта Алматыға кіреберістегі бақылау-өткізу бекеттерінде көлік кептелісі көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл карантин талаптарын жеңілдетуге байланысты дейді полицейлер. Кейбір азаматтар төтенше жағдай режимінің аяқталуын карантин бітті деп түсінген. Сондықтан қалаға кірушілермен қатар шығушылардың да саны өскен. Дегенмен қазіргі уақытта қала айналасындағы жиырма бес бақылау-өткізу бекеті қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

Қанат Таймерденов, қалалық полиция департаментінің басшысы:

– Карантиннің бітпегендігі туралы тағы да ескертеміз. Бақылау-өткізу пунктерінен тек жедел штаб деректерінің арнайы тізіміне енгізілген азаматтар ғана өте алады. Жүк көлігін қоспағанда, әр көлік құралын тексеруге белгілі бір уақыт кетеді. Осыған байланысты біз азаматтарды өз үйлерінен негізсіз шығып кетпеуге шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы