405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армениядан әкелінген көліктер уақытша тіркеуге алынады

  • 195
  • UPD: 23:06, 20.05.2020
Армениядан әкелінген көліктер уақытша тіркеуге алынады

Бүгіннен бастап Армениядан әкелінген көліктер уақытша тіркеуге алынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Үкіметтің жаңа қаулысы шықты. Ішкі істер министрлігі 1 қыркүйекке дейін басқару тұтқасы сол жақта болатын көліктерді тіркеу шарасын қабылдауы тиіс. Бұл шешім тек елімізге биылғы жылдың 1 ақпанына дейін енгізілген көліктерге қатысты. Сонымен қатар көліктің тиісті техникалық тексерістен өтуін және салықтық міндеттемелерін төлеуін қамтамасыз ету керек.

Хабар 24 телеарнасы