399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі сауда нысандарында санитарлық талаптар ескерусіз қалған

  • 124
  • UPD: 23:38, 20.05.2020

Өскеменде шектеу шаралары алынған алғашқы күндері көптеген сауда нысаны мен мейрамхана, дәмханалар санитарлық қауіпсіздікті ұмытыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бетперде тағу, арақашықтықты сақтау сынды талаптар ескерусіз қалған.

Мобильді топ ұйымдастырған рейдтің бірінші күні 8 нысанның басым бөлігі санитарлық ережені бұзғаны белгілі болды. Кәсіп иелеріне ескерту жасалды. 

Мобильді топ шектеулер алынғаннан кейінгі алғашқы күні қаладағы дәмханалар мен мейрамханаларды аралап шықты. Демалушыларың көпшілігі тым бейқам. Қорғаныш заттарын мүлдем ұмытқан. Сақтыққа салғырт қарағандары бірден байқалады. Сондықтан белсенді топ мүшелері нысан иелеріне талаптың сақталуын тәптіштеп тұрып түсіндіріп, ескерту жасады.

Дәмханадағы орындардың арақашықтығы 2 метр болуы тиіс. Көп адам жиналмауы шарт. Ірі сауда орындары дезинфекциялық шараларды әрбір 3-4 сағат қайталап отыруы керек.

Марат Исмаилов, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– Көбінесе біз барған жерлерде сатушылардың өздері бетпердесіз маска режимі сақталмаған, екіншіден талаптың біреуі осы кезектің барлығын көп адам шоғырландырмау. Бірақ тексеру кезінде көп шоғырланған кезектер анықталды.

Осылайша алғашқыда тексерліген 8 нысан иесінің басым көпшілігіне ескерту жасалды. Ал кейінгі жүргізілген рейд нәтижелері  жаман емес. Көпшілік сабақ алғанға ұқсайды. Мәселен, бүгінгі тексеру кезінде әр түрлі мекемелерде санитарлық қауіпсіздікті сақтауға ерекше ден қойылғаны байқалды. Дегенмен арасында әлі де қауіпті елемейтіндер табылып жатты.

Александр Светаш, қалалық мәслихат хатшысы:

– Азық-түлік дүкендері Төтенше жағдай кезінде де жұмыс істеді. Сондықтан олар барлық міндетті толық сақтайды. Ал азық-түлік емес сауда орындары енді ғана қызметтерін бастап жатыр. Сол себепті болар, кемшіліктер кездесті. Мысалы, шаштараз ішінде бір қызметкерде бетперде бар болса, енді бірінде жоқ. Барлығына да ескерту жасаймыз. Өйткені біздің негізгі мақсатымыз – айыппұл салып, қорқыту емес, инфекцияны өршітпеу үшін қам жасау.

Қазір облыс бойынша 91 мобильді топ жұмыс істейді. Барлығының міндеті санитарлық эпидемиологиялық талапты күшейту. Бастапқы кезеңде тек ескертулер жасалғанымен, қайтадан анықталған кемшіліктерге кешірім жоқ. Ондай жағдайда кәсіп иесіне 100-500АЕК-ке дейін айыппұл салынып, тіпті нысан қызметі тоқтатылуы мүмкін.

Авторлары. Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы