422.97 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда 1 маусымнан бастап 3000 «ақылды» камера іске қосылады

  • 418
  • UPD: 08:57, 21.05.2020
Атырауда 1 маусымнан бастап 3000 «ақылды» камера іске қосылады

Атырау қаласы бойынша 1 маусымнан бастап 3000 «ақылды» камера іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар жол ережесін бұзғандарға айыппұл сала бастайды. Қырағы көзді камералардың 774-і қоғамдық қауіпсіздікті бақылайды. Камералар қаланың халық көп шоғырланатын жерлерінде, нақтырақ айтсақ, мектеп, саябақтар, вокзалдар мен әуежай, ауруханалар маңайында орнатылған. Ал, көше қиылыстарына қондырылған 750 камера жылдамдықты асыру, тоқтау жолағы мен 15 метрге дейінгі үзіксіз сызықты кесу секілді ереже бұзушылықты түртіп алады. Тек жылдамдықты қадағалайтын 614 камера көшелердің ұзына бойын бақылап, кез келген құқық бұзушылықты тіркеп отырады.

Мырзалы Өтеғалиев, облыстық ПД ӘПБ басшысы:

- Көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі дұрыс көрінбегенде, сонымен қатар, көлік жүргізушілерінің келіспеген жағдайы болса, жеке-жеке қаралатын болады. Айыппұлды, ұйғарымды алған күннен бастап 7 күн ішінде төлесе, 50% жеңілдік қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы