412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында жарты миллиардтан астам сомаға заңсыз мұнай өндірген

  • 376
  • UPD: 10:19, 21.05.2020
Маңғыстау облысында жарты миллиардтан астам сомаға заңсыз мұнай өндірген Kyzylorda News

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу бойынша қылмыстық істі тергеу жұмысын аяқтады.

Тергеу барысында «SK Petroleum» ЖШС-нің 2019 жылғы тамыздан бастап «Солтүстік Қарамандыбас» мұнай кен орнынан Жаңаөзен қаласындағы мұнай құятын базаларға жалпы көлемі 3441,408 тонна шикі мұнай тиегені анықталды, деп хабарлайды ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

«SK Petroleum» ЖШС-де заңсыз өндірілген 3367,056 метрикалық тонна көлеміндегі шикі мұнайдың орташа нарықтағы құны сарапшылардың сараптама қорытындысы бойынша 581 724 571 теңгені құрады.

Көрсетілген шикі мұнайдың көлеміне соттың санқциясы бойынша тыйым салынды.

Сотқа дейінгі тергеу аясында «SK Petroleum» ЖШС директорының кінәсі толықтай дәлелденді. Айыпталушы тұлғалардың әрекеті ҚР ҚК 197-бабы 4 б.,2 т. және 214-бабының 2 б.,2 т. сәйкес анықталды.

2020 жылғы 20 сәуірде қылмыстық іс айыптау актісімен бірге соттың қарауына жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы