411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда кәмелетке толмаған бұзақы баланың анасына айыппұл салынды

  • 65
  • UPD: 11:12, 21.05.2020
Ақтауда кәмелетке толмаған бұзақы баланың анасына айыппұл салынды

Ақтауда жасөспірім 1Б шағын ауданындағы кәсіпорындардың бірінің аумағына кіріп, автокранды зақымдаған.

Жауапқа оның анасы тартылды, деп хабарлады lada.kz Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәмелет жасқа толмаған бала 1Б шағын ауданындағы ЖШС бірінің аумағына кіріп, автокранының аккумуляторын кірпішпен сындырған.

Сот қаулысымен жасөспірімнің анасына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 435-бабы бойынша жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 19 446 теңге айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы