423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында мұнайды заңсыз өндіргендер ұсталды

  • 312
  • UPD: 11:43, 21.05.2020
Маңғыстау облысында мұнайды заңсыз өндіргендер ұсталды

Маңғыстау облысында мұнай өндірісімен заңсыз айналысқандар анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдің Экономикалық тергеу департаменті мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде «SK Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестік жалпы құны 581 миллион 725 мың теңге болатын 3 мың тоннадан астам мұнайды заңсыз өндіргені белгілі болды. Тексеріс кезінде 3500 тоннадай қара алтынның 2019 жылдың тамызында Жаңаөзен қаласындағы «Северный Қарамандыбас» кен орнынан тиелгені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу нәтижесінде «SK Petroleum» компаниясы директорының кінәсі толық дәлелденді.

Хабар 24 телеарнасы