432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда жоғалған сәбиді іздеуге 400-ге жуық волонтер жұмылдырылды

  • 422
  • UPD: 14:07, 21.05.2020
Атырауда жоғалған сәбиді іздеуге 400-ге жуық волонтер жұмылдырылды

Кеше, яғни 20 мамыр күні түсте Атырау қаласы «Жұлдыз» ықшам ауданынан 1,5 жастағы бала жоғалып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол сәттен бастап іздеу жұмыстарына Атырау полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Алайда, іздестіру шарасы нәтиже берген жоқ. Бүгін сағат таңғы 06:30-дан бастап көмекке келген 400-ге жуық волонтер, Ұлттық ұланның 50 жауынгері және 100-ден астам полиция қызметкерлері мен екі иісшіл ит қаладағы 51 көшені жан-жақты тексеруге кірісті. Әзір нәтиже жоқ.

Хабар 24 телеарнасы