411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда екі емдеу мекемесі уақытша жабылды

  • 83
  • UPD: 17:48, 21.05.2020
Оралда екі емдеу мекемесі уақытша жабылды

Орал екі бірдей емдеу мекемесі уақытша жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар бесінші емхана мен облыстық аурухананың қабылдау бөлімін дезинфекциялап жатыр. Өйткені ол жерден вирус жұқтырған екі адам анықталған. Бірі – дәрігерлерге көрінуге келген тұрғын, екіншісі– медицина қызметкері. Олармен байланыста болған адамдар оқшауланды. Емдеу орындары зарарсыздандыру жұмыстары аяқталған соң қайта ашылады. Қазір өңірде індет жұқтырған 352 адам бар.  

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық тауарлар және қызметтер сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Қарым-қатынаста болған азаматтар, үйімен қарым-қатынаста сонымен бірге жұмыста қарым-қатынаста болған азаматтар барлығы да эпидемиологиялық тергеу барысында анықталды. Соның 5-і бүгінгі таңда карантиндік стационарда жатса, қалған 12-сі үйде оқшауланды. Барлығының да жағдайлары қанағаттанарлық, күнделікті медициналық  бақылау жүргізілуде.

 

Хабар 24 телеарнасы