412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе жағажайларында суға шомылу маусымына дайындық басталды

  • 157
  • UPD: 17:51, 21.05.2020
Ақтөбе жағажайларында суға шомылу маусымына дайындық басталды

Ақтөбе жағажайларында суға шомылу маусымына дайындық басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, жылдағы жоспарға сәйкес алдымен су айдындарының табанын тазарту қарқын алған. Бұл жұмысқа биыл төтенше жағдай департаментінен өзге, жергілікті биліктің өтініші бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы тартылған. Оның қызметкерлері балықшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіретін болады. Ал бүгінге дейін жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде су астынан әйнектердің сынығы, кеспе тастар, тал-теректердің бұтақтары, темір-терсектер алынған. Облыс бойынша 218 тыйым салынған суға шомылу орны анықталып, ескерту белгілері орнатылды. Бүгінде аймақта 58 жағажай бар. «Дегенмен өзендердегі судың аздығынан оның саны биыл қысқаруы мүмкін», – дейді мамандар. Жалпы, суға шомылу орындарындағы қауіпсіздікті сақтау үшін жазғы кезеңде 340 құтқарушы мен полицей, 25 қайық және атты патруль жұмылдырылады.

Қайрат Қасым, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Енді он күннен кейін өзен-көлдерге шомылу маусымы ашылады. Біз оған дейін жағажайлардың дайындығын тексеріп болуымыз керек. Су айдындарының табанын тазартуда адамды жарақаттайтын қатты заттар, күл-қоқыстар шығып жатыр. Ең қауіптісі, браконерлер тастап кеткен аулар болып тұр. Суға түскен адамға қауіпті.

 

Хабар 24 телеарнасы