412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда пара үшін блокпосттан адам өткізген әкімдік қызметкері сотталды

  • 153
  • UPD: 18:16, 21.05.2020
Алматыда пара үшін блокпосттан адам өткізген әкімдік қызметкері сотталды

Алматыда блокпосттан азаматтарды кедергісіз өткізген әкімдік қызметкері сотталды.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдың 13 мамырында Алматы қаласы Жетісу аудандық №2 сотының үкімімен Алматы қаласы тұрғындарынан «Ащыбұлақ» шеңберіндегі №11 блокпост арқылы кедергісіз арлы-берлі өтулері үшін бірнеше мәрте жалпы сомасы 380 мың теңгеден асатын параны алғаны үшін Алматы қаласы Жетісу аудандық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөліміның бас маманы С.Оразов сотталды», - делінген ведомство ақпаратында.

Агенттік мәліметінше, сот үкімімен оған 13 млн 300 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Хабар 24 телеарнасы