411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да дәрігерлер қошеметке бөленді

  • 59
  • UPD: 20:11, 21.05.2020

«Мың алғыс саған дәрігер». Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясымен күресте аянбай еңбек етіп, алғы шепте болған 30 азамат марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақ халатты абзал жандарға «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» арнайы төс белгілері табысталды.

Инфекционист дәрігер Наталья Помазанова 21-ші наурыздан бері қауіпті індетке қарсы күресте алдыңғы қатарда қызмет кетіп келеді. Ақ халатты абзал жан бауыр еті баласын көрмегелі екі айдан асқан. Сұхбат барысында сағынышын білдіріп, көзіне жас алды. Есесіне еңбегі еленіп, денсаулық сақтау ісінің үздігі атанды.

Наталья Помазанова, дәрігер-инфекционист:

– Бұл жұмыстан өз үйіңе қайтпайсың. Қонақ үйге не болмаса шипажайға барасын. Міне, осылай жүргеніме екі айдан асты. Қызым бар, 9 жастағы. Қатты сағындым. Оның үстіне ол қашықтан оқып жатыр. Оған да қиын болып жатқанын түсінемін. Енді сәтін салса, екі аптадан кейін туған-туыстарыма ораламын. 

Салтанатты шара барысында өзінің басын қатерге тігіп, өзгенің денсаулығы үшін күрескен 30 адам қошеметке бөленді. Бұл жандар аптасына демалыссыз 7 күн жұмыс істегендер. Еңбектері ерең. Сондықтан кез келген марапатқа лайық. 

Сәуле Даниярова, облыстық көпбейінді аурухананың медбикесі:

– Әрине, қиын болды. Алты сағат бойы жұмыс істеу. Маска, респератор, көзілдірік... Ата-анамда уайымдады. Осы болып жатқан жағдайға олар түсіністікпен қарады. Бұл менің борышым болғандықтан, өзім таңдаған сала. Сол себепті мен осы індетке қарсы күресуге бел будым.

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы елімізде вирус жұқтырғандар саны бойынша  соңғы орында. Өңірде 39 науқас тіркелген. Ал ақ халаттылардың қажырлы еңбегінің арқасында оның 30-ы  қауіпті індеттен құлан таза сауығып  шықты.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы