Қарағанды вокзалы маңына жиналған қалың жұрт сақтық шараларын сақтамай, карантин тәртібін бұзған,. деп хабарлайды «Хабар 24».
Мұны әлеуметтік желідегі мына бейнежазбадан анық аңғаруға болады.
Әскери борышын өтеп, үйіне оралған сарбаздарды қарсы алуға келген адам санында есеп жоқ. Басым бөлігі бетпердесіз жүр, ал арақашықтық жайлы айтудың өзі артық. Вокзал әкімшілігі бұл туралы түсінік беруден бас тартты. Олардың айтуынша, қауіпсіздікті тәртіп сақшылары қамтамасыз етуі керек. Бірақ иін тірескен жұрт жаппай аласа шарбақты аттап өтіп, перронға бас қойған.