420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында топан судың зардабы жойылып жатыр

  • 375
  • UPD: 23:02, 21.05.2020

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы топан судан толық тазартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар бас-аяғы екі аптаның ішінде 11 миллион текше метр суды сорғызды. Қазір өңірдегі барлық коммуналдық мекеме мен төтенше жағдай қызметі апаттың салдарын жойып жатыр.

Жеңіс ауылының  маңы қазір түгелдей  батпақ болып жатыр.  Ал бірнеше күн бұрын бүкіл ауыл көлкіген суда тұрған еді. Қазір оған қарағанда жағдай мүлде басқа. Төтенше жағдай қызметінің мамандары күндіз-түні суды сорғызды. Соның арқасында ауыл тұрғындары біртіндеп оралып жатыр.

Байбосын Теляев, Жеңіс ауылының тұрғыны:

– Мұнда келгенде біздің жегілген жерлеріміз бар. Әркім әртүрлі дақыл еккен. Соны суретке түсіріп, апарып компьютерге өткізіп, суретін тапсырумыз керек. Соған келгеміз. Сондай ойымыз бар. Мемлекет шығынды  қайтарып береміз деген шешімге келген.

Дегенмен төтеден келген апаттан  ештеңе іске алғысыз деуге келмейді.  Кейбір үйлерді бұзып, ішінде қалған заттарды  төтенше жағдай қызметінің мамандары мен әскерилер және тұрғындардың өздері  жинап жатыр. Бірақ дүниенің көбі су астында қалғандықтан  істен шыға бастаған.

Алдаберген Мұханов, Жеңіс ауылының тұрғыны:

– Бұл жерде сау қалған зат жоқ деуге болады. Мынаның астында бастырма басып қалған ғой. Кәдімгі тақияны кигізіп қалғандай етіп қойған. Үйдің  өзі шымнан өрілген. Мына үлкен су келген соң, бірден жібіп, отырып қалған. Сосын мына жігіттерден көмек сұрап ем бірден жетіп келді. 

Жалпы, өңірде топан су 5 ауылды басты. Олар Өргебас, Жеңіс,  Фердауси, Жаңатұрмыс және Достық.  Апаттың салдарын жоюға  1236 құтқарушы және әскери қызметкер жұмылдырылды. Олардың жартысы  Өзбекстаннан келді. Ал құтқару жұмыстары  тәуілік бойы жүргізілді.

Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Бүгіннен бастап елді мекендердің айналысына жиналып қалған лас көлшіктерді айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мақстақа қолдағы бар техника мен насос мотопомпаларды жұмылдырып отырмыз. Негізгі мақсат, аталған көлшіктерден пилтрациялық сулар, жерасты суларынң көтерілуіне мүмкіндік бермей, сонымен қатар осы келген судың сасымауына алдын алу жұмыстары жүргізілып жатыр.

Тоқтаусыз тірліктің арқасында 5 ауылдан  су толық сорғызылып болды. Қазір ол елді мекендер де санитар мамандар жүр. Эпидемиологтар аула, қора-қопсы мен су құбырларын зарарсыздандырып жатыр. Бүгінге дейін 900 мың  шаршы метр аумақ  дезинфекцияланды.

Авторлары: Олжас Керейхан, Рауль Ғабитов

Хабар 24 телеарнасы