423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында бұршақ егіс алқаптарын бүлдірді

  • 316
  • UPD: 23:04, 21.05.2020

Түркістан облысының Жетісай ауданында фермерлер миллиондаған теңгеге шығынға батты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамыражай мамырда жауған бұршақ қауын және мақта танаптарын тып-типыл қылды. Енді шаруалар өнім жинай алмайды. Ал дақылдарды қайта егуге қаржы тапшы. Табиғаттың тосын мінезі салдарынан 11 шаруа қожалығының 175 гектар алқабы жарамсыз қалды. Жергілікті ауылшаруашылық бөлімі шаруалардың шығындарын мемлекет өтемейтінін айтады. Тек, төмен бағада минералды тыңайтқыштар мен жеңілдетілген несие алуға көмектесе алады.

Бақытжан Жолтаев, шаруа:

–15 миллиондай шығын шығардым. Қалтамнан шыққаны 7-8 жылқы саттым. Кредит алдым. Үйімді және тракторымды тіркеп, банктен кредит алдым. Селитраны қарызға алып жатырмыз. Бізге қаржылай көмек керек. Кредитімізді жабу керек. Бізде көлденең табыс жоқ басқа. Осы диқаншылықтан басқа табыс жоқ.

Марат Абуов, Жетісай аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы:

– Минералды тыңайтқыш мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен беріледі. Соны ертерек алып беру жолдары қарастырылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы