412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еңбекке қабілетті жастар ауылдан неге қашады?   

  • 137
  • UPD: 23:14, 21.05.2020
Еңбекке қабілетті жастар ауылдан неге қашады?   

Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік ілгерілеушілік елордадан бөлек, Алматы мен Шымкент қалаларында ғана байқалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал облыстардағы көрсеткіш мүлде басқа. Соңғы жылдары солтүстік өңірдегі еңбекке қабілетті жастар Ресейге көшіп жатыр. Ел ішіндегі мегаполистерді саялап кеткені қаншама. Әрі облыста бала туу көрсеткіші төмендеген. Бұл халық санының едәуір азаюына ықпал етті. Сондай-ақ ауылдан кетіп жатқандардың 63 процентінде жоғары, орта арнаулы білім бар. 66 проценті еңбекке жарамды азаматтар. «Салдарынан өңірлерде ауыл-аймаққа ие болатын, елді мекендерді дамытатын күш сарқылып барады», – дейді мамандар. 

Хабар 24 телеарнасы