412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда мейрамханалар мен дәмханалар қайта ашылуға дайындық үстінде

  • 157
  • UPD: 08:20, 22.05.2020

Алдағы аптада Атыраудағы мейрамхана, кафелер екі айлық карантиннен кейін қалыпты жұмыстарына кіріседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін олар тапсырысты үйге дейін жеткізіп келген. Әзірге облыстың бас санитарлық дәрігерінің ресми қаулысы шыққан жоқ. Дегенмен бизнес иелері ашылу маусымына дайындықты бастап кетті.

Валентин Бойко – мейрамхана қожайыны. Әзірге санитарлық дәрігердің қаулысы шыққан жоқ, бірақ бизнес иесі шаруашлығын қалыпқа келтіре бастады. Себебі жаңа нұсқау бойынша барлық санитарлық нормалар сақталуы тиіс. Ереже бойынша қазір үстелдердің ара қашықтығы 1,5 метрден жақын болмауы және 2 сағат сайын ғимарат ішінде зарарсыздандыру жұмысы жүргізілетін болады. 

Валентин Бойко, мейрамхана басқарушысы:

– Елордадағы мейрамханаларға қойылған талаптарды біз де қатаң сақтаймыз. Термометр сатып алдық. Есік алдына хлор ерітіндісі сіңіріліген кілемше төсейміз. Сондай-ақ ыдыс-аяқтарды дезинфикциялау, бөлмені кварцпен зарарсыздандыру тұрақты жүргізілетін болады.

Бүгінде Атырау қаласында бір мыңға жуық мейрамхана мен кафе және қоғамдық тамақтандыру орындары бар. Олардың барлығы дерлік екі ай бойы карантиндік жүйеге байланысты жабылып, тек жеткізіп беру қызметімен айналысып келген еді. Салдарынан тұрғындар көңілді басқосудан қағылса, бизнесмендер қомақты табыстарын жоғалтты. Сондықтан облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысын мейрамхана иелері мен бірге қалалықтар да асыға күтуде.

Жанаргүл Ахсанова, қала тұрғыны:

– Жағдайдың қалыпқа түсуін тағатсыз күтіп жүрміз. Алаңсыз көше қыдырып, кешкісін дәмханаларда достармен бірге болған күндерді сағындық. Енді сәл шыдасақ, ол күнге де жетерміз. Тек еліміз аурудан аман болсыншы.

Облыстың бас санитарлық дәрігерінен білгеніміз, мейрамхана мен дәмханаларға рұқсат беру жөнінде қосымша қаулы дайындалып жатыр екен. Егер өңірдегі эпидемиологиялық жағдай қалыпқа түссе, барлық мекемелерге рұқсат беріледі. Ол үшін бес басты талапты сақтау қажет.

Темірбек Мұсағалиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

– Дәмханаларда міндетті түрде термометр болуы шарт. Барлық келушілер термометрия арқылы өткізіледі. Сосын барлық бөлмелер кварц сәулесімен зарарсыздандырылады. Желдеткіштер, есік алдында хлор ертіндісмен суарылған кілемша міндетті түрде болуы тиіс. 

Ал мейрамхана мен дәмхана қызметкерлері күніне екі мәрте медициналық тексеруден өтіп, бетперде мен басқа қорғаныш құралдарын пайдалану міндеттеледі. Сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарының алдына міндеттің түрде санитайзерлер орнатылады.

Авторы: Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы