399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы блок-бекеттен тікелей қосылым

  • 56
  • UPD: 11:16, 22.05.2020

Елорда тұрғындарының карантин жағдайында өмір сүріп жатқанына бүгін – 65-күн, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл аптада бірқатар шектеу алынып, қала аумағына кіруге рұқсат етілген азаматтардың тізімі кеңейді. Дегенмен тексеру-өткізу бекеттеріндегі жұмыс әлі тоқтаған жоқ. Ондағы мамандар мақсатты жүргендер тарапынан санитарлық талаптардың орындалуын қадағалауда.

Атап айтқанда, Ақмола облысына қарысты 4 ауданның тұрғындары тиіс құжаттарын көрсету арқылы блок-бекеттерден өте алады. Дегенмен тексеру-өткізу бекеттердегі жұмыс әлі тоқтаған жоқ. Олардағы тәртіпті қазір жергілікті атқарушы орган, яғни әкімдік, денсаулық сақтау және полиция қызметкерлері жіті назарда ұстап отыр. Бұл мамандар әдеттегідей бас қала аумағына кіріп, шығатын азаматтардың барлығын тізімге тіркеп, олардың денсаулығын тексеруде. Әзірге елорда маңайындағы блок-бекеттердің жұмысы қалыпты режимде өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы