418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 10 жасар бала түнгі сағат үште компьютер клубынан табылды

  • 209
  • UPD: 10:56, 22.05.2020
Елордада 10 жасар бала түнгі сағат үште компьютер клубынан табылды

10 жасар бала түнгі сағат үш шамасында компьютер клубынан табылды.

Баланың ата-анасымен әңгімелесу өткізіліп, мекеме әкімшілігі жауапқа тартылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың ювеналды полицейлері еріктілермен бірге қоғамдық орындарда түнгі уақытта балалардың заңды өкілдерінсіз жүруін анықтауда. Рейдтер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мен ескерту, кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында жүргізілуде.

«Есіл ауданының ювеналды полиция қызметкерлері мамыр айының 18-ші жұлдызында түнгі сағат 03:00 шамасында елордалық компьютер клубының бірінен 10 жасар баланы анықтаған. Аталған факті бойынша баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар компьютер клубының әкімшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тыйым салынғанына қарамастан, жұмысын тоқтатпаған клуб иесіне қатысты материалдар аудан прокуратурасы мен әкімдігіне жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы