411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда сауда орталықтары қайта ашылып жатыр

  • 59
  • UPD: 12:34, 22.05.2020

Бірақ ондағы балалардың ойын алаңдары, боулинг, кинотеатрлар мен өзге де көңіл көтеретін орындар әзірге жабық, деп хабарлайды «Хабар 24».

2 айға созылған шектеулер алынып, қала бұрынғы тыныс-тіршілігіне қайта оралды.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

– Әрине, сауда орталықтарының ашылуын жергілікті халықпен бірге біз өзіміз де асыға күткен болатынбыз. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің карантин талаптарына өзгеріс енгізу туралы қаулысы мамыр айының 20-да шықты. Ертеңінде жедел штабтың шешімімен аумағы 2 мың шаршы метр болатын сауда орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Бүгінгі таңда 15 ірі сауда үйі ашылды. Олар таңертеңгі сағат 10-нан кешкі сағат 17.00-ге дейін жұмыс  істейді. Иә, карантин талаптары жұмсарды. Бірақ сақтық шаралары күшін жойған жоқ. Кіре берістерге қолды зарарсыздандыру заттары қойылған. Міндетті түрде маска киіп жүру талап етіледі. Бизнес субъектілері алдағы уақыттарда қалай жұмыс істейді?

Қала бұрынғы тыныс-тіршілігіне қайта орала бастады. Халықтың еңсесі көтеріліп қалғаны байқалады.

COVID-19 әлі де қауіпті. Кеше ғана жұқпалы індет Екібастұз қаласының 9 тұрғынынан анықталды. Баянауыл ауданында екі адамның ауру жұқтырғаны белгілі болды. Облыс орталығында 1 жасар сәби коронавирусқа шалдыққан. Бұл ретте жалпыға ортақ қағидаларды еске салғымыз келеді. Егер тұрғындар арасында ауру таралу көрсеткіші артса, карантин талаптары күшейтіліп, халық көп шоғырланатын орындарға қайтадан шектеулер қойылады.

Хабар 24 телеарнасы