412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлеу басталды

  • 136
  • UPD: 11:38, 22.05.2020
Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлеу басталды

Топан судан зардап шеккен мақтааралдық тұрғындарға өтемақы төлене бастады. Бұл туралы «Түркістан» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Мамандардың айтуынша, бүгінде аталған аймақта «Түркістан» ӘКК» АҚ жанындағы «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қоры зақымдалған үйлерді қалпына келтіру үшін өтемақы төлеу бағдарламасын іске асыруда. Бағдарлама әр отбасына үш ірі траншпен 17 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуді көздейді.

«Бүгінгі күні 19 отбасы 8,5 млн теңге көлемінде бірінші транш алды (жалпы соманың 50%). Қалған 25%-дан 2 транш тұрғын үй құрылысының барысында төленеді. Сонымен қатар аудан әкімдігі зақымдалған тұрғын үйлерді есептеу және тұрғындарға өтемақы алу үшін керек құжаттарды жинау бойынша көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда» делінген «Түркістан» ӘКК» АҚ хабарламасында.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, бүлінген үйлердің саны 200-ден асады.

Хабар 24 телеарнасы