418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төлем терминалын ұрлап кеткен Талдықорған тұрғыны ұсталды

  • 227
  • UPD: 12:38, 22.05.2020
Төлем терминалын ұрлап кеткен Талдықорған тұрғыны ұсталды

Талдықорған тұрғыны ойын-сауық орталықтарының бірінде тұрған төлем терминалын ұрлап, жалдамалы пәтерге алып кеткен.

Талдықорған қаласының Шығыс қалалық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне ойын-сауық орталықтардың бірінде орналасқан төлем терминалының ұрланғаны туралы хабар 20 мамыр күні түскен. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, деп хабарлады Polisia.kz.

«Қылмыстың ізін суытпай Сарқан ауданының 31 жастағы тұрғынын ұстадық. Күдіктіден ұрланған терминал мен сол аппараттан шыққан ақшаның бір бөлігі, яңни 200 жүз мың теңге тәркіленді. Күдікті ұрлық жасағанын толық мойындады. Терминалды далаға шығарып алып, тоқтатқан таксиіне тиеп алып, жалдамалы пәтерге алып барған. Такси жүргізушісіне терминалдың өз меншігі екенін және оны басқа жерге жеткізу керек екенін айтқан. Жалдамалы пәтерде қолда бар құралдарын пайдаланып, терминалдың ақша салынған бөлігін сындыруға тырысқан. Ішінен шыққан ақшаның көп бөлігін қажетіне жұмсап үлгеріпті. Қалғанын біз тәркіледік», – дейді Талдықорған қаласы Полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапа.

Қолға түскен тұрғын 2012 жылы да қарақшылық жасағаны үшін сотты болған екен. ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изолияторына қамауға алынды. Енді ол бүлінген терминалды және одан ұрланған ақшаны өтеуі қажет.

Хабар 24 телеарнасы