430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында ТЖД кәсіби мамандары құтқарушылар дайындауға атсалысады

  • 319
  • UPD: 13:13, 22.05.2020
Алматы облысында ТЖД кәсіби мамандары құтқарушылар дайындауға атсалысады

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кәсіби мамандары суға шомылу маусымында жұмыс істейтін құтқарушыларды даярлауға атсалысатын болады.

Олар Алакөл, Балқаш көлі мен Қапшағай су қоймасында орналасқан мемлекеттік шұғыл әрекет ету базаларында арнайы дайындықтан өтеді. Биыл 50 үміткер суға батып бара жатқан адамдарды құтқарып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету ісіне машықтанады. Өйткені өңірде былтырғы шомылу маусымында 30 адам суға кетті. Алматы облысында 600-ден астам шомылуға арналған орын бар.

Азамат Жұртбаев, облыстық ТЖД ресми өкілі:

– Сол жерлерде арнайы құтқарушылар қызмет атқарады. Оларды біздің қызметкерлер үйретіп, суға шомылу маусымына дайындайды. Сонымен қатар қосымша жыл сайын осы жергілікті атқарушы органнан берілген тізімге сәйкес балаларды суға шомылуға үйретеміз.

Хабар 24 телеарнасы