411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Washington Times: Қазақстан коронавируспен күресте өзге елдерге үлгі

  • 104
  • UPD: 14:04, 22.05.2020

Қазақстан коронавируспен күресте Орталық Азиядағы елдерге үлгі.

Осындай айдармен америкалық Washington Times газетінде мақала жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда әлемді жайлаған індетпен Қазақстанның да бетпе-бет келіп, тез әрі тиімді әрекет ете білгені жайлы айтылған. Автор Қазақстан індеттің таралуы бастала салысымен қатаң карантин енгізіп, елде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін түрлі шаралар қолға алғанын атап өткен. Мемлекеттің індеттің кеңінен таралуына жол бермеуі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының оң бағасына ие болған. Осылайша дертті бақылауына ала білген Қазақстан пандемиямен күресті одан әрі жалғастырып, дағдарысты байыппен еңсеріп келе жатыр деп қорытындылайды мақала авторы.

Хабар 24 телеарнасы