399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық оқушылар қала сыртындағы жазғы лагерьлерде демалады

  • 98
Елордалық оқушылар қала сыртындағы жазғы лагерьлерде демалады

Бұл үшін «Арман» туристік-сауықтыру кешені мен «Боровичок», «Батыр», «Тұлпар» сынды тынығатын орындар дайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Балаларды спортқа баулу көзделген. Жарыстың барлығы сыртта өтеді. Оқушылар асық атудан, тоғызқұмалақтан және кір тасын көтеруден сынасады. Мектеп түлектеріне аттестат пен «Алтын белгіні» табыстау рәсімі де ашық аспан астында ұйымдастырылмақ. Биыл түлектердің 95 пайызы ұлттық біріңғай тестілеуге қатысуға ниет танытқан.

Шолпан Қадырова, Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы:

– Елорданың жалпы білім беретін мектептерін 6 515 түлек аяқтағалы отыр. 6199 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді. Ұлттық бірыңғай тест 20 маусым мен 5 шілде аралығында барлық санитарлық талаптар қатаң сақталып өткізілетін болады. Тестілеу уақыты – 3 сағат 50 минут. 2 блоктан тұрады, 3 негізгі пән және 2 бейіндік пән.

Хабар 24 телеарнасы