411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін Қарағандыда вирус жұқтырғандар күрт көбейді

  • 68
  • UPD: 17:31, 22.05.2020
Бүгін Қарағандыда вирус жұқтырғандар күрт көбейді

Бір тәулікте 155 адам тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індетке шалдыққан 133 адам «Нұрқазған» кенішінің қызметкерлері. Қалған 22 адам жақын қарым-қатынаста болғандар. Қазір аталған өндіріс ошағының жұмысы уақытша тоқтап тұр. Онда еңбек ететін 1139 адамның барлығынан сынама алынған. Олардың арасынан індет белгілері анықталған 130 адаммен жақын қарым-қатынаста болғандардың тізімі де нақтыланды. Өңірдің бас санитарлық дәрігері Қанат Асқаровтың айтуынша, карантин режимінде өзгеріс болмайды. Бұған дейін ашылған нысандар жұмысын әрі қарай жалғастыра береді. Тек оларға санитарлық талап күшейтіледі.

Айта кетейік, «Нұрқазған» кенішінің мамандары үш қаладан қатынап жұмыс істеген.

Айгүл Шатекова, облыстық ТКҚСҚБ департаментінің ресми өкілі:

- Оның ішінде Теміртау қаласында тұратындары 41%, яғни 54 оқиға, Қарағанды қаласында 48%-ті құрайды, ол – 65 оқиға, Бұқар жырау ауданында 11%, 14 оқиға. Барлығы байланыста болған адамдар саны 1515. Оның ішінде жақын байланыста болған адамдар 244, ықтимал байланыста болған адамдар саны 1271 адам. Байланыста болған адамдарды анықтау жұмыстары әлі де болса жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы