427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚХА өкілдері мақтааралдықтарға гуманитарлық көмек жөнелтті

  • 494
  • UPD: 17:58, 22.05.2020
ҚХА өкілдері мақтааралдықтарға гуманитарлық көмек жөнелтті

Мақтааралға әлі де көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы Ассамблеяның Алматы облысындағы өкілдері қол ұшын созды. Олар өңірге 8 тонна жүк жөнелткен. Осыған дейін 260 тонна гуманитарлық көмек жеткізіп еді. Одан бөлек, Ассамблея мүшелері арнайы құрылған қорға қаржы аударып жатқанға ұқсайды.

Рустам Кайрыев, Қазақстандағы Ұйғыр жастары одағының төрағасы:

- Осындай қиын кезде бір-бірімізге сүйеу бола білуіміз керек. Біз үшін қуанышпен қоса, ел басына түскен ауыртпалық та ортақ. Сондықтан мұндай қайырымдылық шараларын алдағы уақытта да жалғастырамыз.

Ғабит Тұрсынбай, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары:

- «Тамшыдан теңіз құралады» деп халқымыз бекер айтпайды. Осының бәрі біздің еліміздің, халқымыздың бірлігін, ынтымағын көрсетеді. Болашаққа деген, ертеңгі күнге деген сенімімізді арттырады. Мақтааралдықтардың жалғыз емес, олардың бүкіл ел жұмылып, солардың тілеуін тілеп отырғанын білдіріп жатыр деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы