411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында COVID-19 індеті бес ауданнан анықталды

  • 71
  • UPD: 19:23, 22.05.2020
Атырау облысында COVID-19 індеті бес ауданнан анықталды

Атырау облысында COVID-19 жұқпалы індетіне шалдыққандар алыс аудандардан шыға бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Мақат, Құрманғазы, Жылыой, Индер және Исатай аудандарында қауіпті вирус жұқтырғандар анықталды. Бұл ауру ошағы болған облыс орталығындағы карантиндік тәртіп пен блок-бекеттерге қарамастан, таралу аумағының кеңейгенін көрсетеді. Кеше «Теңіз» кен алаңында ауысыммен жұмыс істеп келген екі жұмысшының отбасынан қауіпті індеттің белгісі шықты. Естеріңізге сала кетейік, кеніштен шығарылған 19800 жұмысшының 6 мыңнан астамы Атырау облысының тұрғындары.

Темірбек Мұсағалиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

- Жылыой ауданында екі науқас анықталды. Олар кен алаңынан шыққан жұмысшылардың отбасыларынан шығып отыр. Осыған орай біз карантиннен шыққан жұмысшыларды мұқият бақылауға алатын боламыз. Себебі, біздегі мәліметтерге қарағанда, кеніштен шыққан адамдардан ешқандай ауру белгілері анықталмаған болатын.

 

Хабар 24 телеарнасы