411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық өрт сөндірушілер алты газ баллонының жарылуына жол бермеді

  • 74
  • UPD: 19:41, 22.05.2020
Қызылордалық өрт сөндірушілер алты газ баллонының жарылуына жол бермеді

Қызылордалық құтқарушылар алты газ баллоны жарылуының алдын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс орталығындағы тұрғын үйдің ауласында сарай жанып жатқаны жөнінде хабарлама алған өрт сөндірушілер бара салысымен нысанға барлау жүргізеді. Нәтижесінде 50 шаршы метрді құрайтын сарай түгел жанып, жапсарлас салынған бастырма мен моншаның шатырын алау шарпи бастағанын көреді. Қызыл жалынға оранған сарай ішінде 6 газ баллоны бар екенін білген құтқарушылар өз өмірлерін қатерге тіге отырып, жарылғыш құтыларды қауіпсіз жерге шығаруға кіріседі. Сәл кешіксе, 50 және 27 литрлік газ баллондары жарылып, кем дегенде 3-4 тұрғын үйдің күлін көкке ұшырар еді. 4 техникамен келген 15 құтқарушы өртті өшіріп, осылайша, алапат жарылыстың болуына жол бермеді. Осы ретте төтенше жағдайлар департаменті мамандары тұрғындардан егер үйі табиғи газ жүйесіне қосылған болса, бұрынғы пайдаланған газ баллондарды арнайы мекемеге өткізулерін сұрайды. Өйткені ол өз отбасы мен көршілерінің өміріне қауіпті.

 

Хабар 24 телеарнасы