411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда карантин талаптары жиі бұзылатыны анықталды

  • 74
  • UPD: 21:25, 22.05.2020
Оралда карантин талаптары жиі бұзылатыны анықталды

Мамандар 18 кәсіпкерлік нысанды және балабақшаларды, сондай-ақ 14 бағытта қатынайтын қоғамдық көліктерді тексерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рейд барысында олардың барлығы бірдей карантин ережесін сақтай бермейтіні анықталды. Сатушылар мен сатып алушылар бетперде мен қолғап кимейді. Көп жерде антисептиктер қойылмаған, тұрғындар арақашықтықты сақтамайды. Қоғамдық көліктерде де осындай жағдай. Анықталған барлық кемшіліктер бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Нысан иелері айыппұл төлейтін болады. Рейд барысында кейбір кафелердің рұқсатсыз жұмыс істеп, клиенттерге қызмет көрсетіп отырғаны да анықталды.

Әдемі Хасанова, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

- Ашылуға мүлде тиіс емес кафе бұл. Кафелерге БҚО бас санитарының рұқсаты жоқ. Кафелерде тек қана жеткізу бағытында ғана жұмыс жасауға болады. Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен тек қана жазғы алаңдағы кафелерге ғана рұқсат берілген. Онда да тек 30 адамнан артық адам болмау қажет. Бұл бойынша қазір біздің мамандармен әкімшілік хаттама толтырылатын болады.

Светлана Молдашева, балабақша медбикесі:

- Балаларды балабақшаға қабылдау кезінде ата-аналарды кіргізбейміз. Балалардың бірден қызуын өлшеп, эпидемиологиялық шараларды іске асырамыз. Ол мәліметтердің бәрі арнайы журналға жазылады.

Хабар 24 телеарнасы