411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда кептеліс азаяр емес

  • 77
  • UPD: 21:36, 22.05.2020
Алматыда кептеліс азаяр емес

Карантин уақытында көшелердегі иін тірескен көліктерден босап, ауасы тазарған Алматыда қайтадан кептеліс пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, таңертеңгі уақытта үш негізгі бақылау бекетінде, Алтын орда базары, Құлжа тас жолы және Талғар бағытында ұзын сонар кептеліс 2-3 шақырымға созылады. Себебі жұмыстан шақырту алғандардың көбі қала сыртында тұрады. Олар таңғы уақытта қалаға қарай, ал кешкісін үйіне асығады. Сондай-ақ жұма күні қалалықтардың көпшілігі саяжайларына барады. Сондықтан күндіз де кептеліс болады. Әр жеке көлікті мәліметтер базасында бар-жоғын тексеруге біраз уақыт кетеді.

Қанат Таймерденов, қалалық полиция департаментінің басшысы:

- Әр автокөлікті біз планшетте тексеретін болсақ, біреуіне 1,5-2 минут кетеді. Содан кейін біз қосымша жүк көліктерін тексермейміз, олар былай да шығып жатады. Қазір бар осындай шиеленістер. Бірақ мен ойлаймын, біздің қызметкерлер осы блокпосттарда өз қызметін заң шеңберінде өткеріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы