399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалықтар асырап алған қазақ баласы Өскемендегі ағасын тапты

  • 113
  • UPD: 22:28, 22.05.2020

Қазақстанда туып, балалар үйінен шетелдіктер асырап алған жасөспірімдердің кейбірі туған-туыстарын тауып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың бірі – Марат. Оны 18 жыл бұрын АҚШ азаматтары асырап алған. Ал Мараттың ағасы Рүстемді шығыстағы Күршім ауданындағы бір отбасы бауырына басыпты. Ағайындылар араға жылдар салып, әлеуметтік желі арқылы бір-бірін іздеп тапты. Рүстем Оразғалиев туған інісінің бар екенін 12 жасында білген. Бірақ онымен табысарына еш сенбеген. Тек бірнеше күн бұрын Рүстем әлеуметтік желіде оны шетелдегі туысы іздеп жатқаны жайлы қуанышты хабар алды. Қаны бір болғанымен, тілі бөлек ағайындылар қазір интернеттегі электронды аудармашының көмегімен сөйлесіп жүр. АҚШ асып, есімі өзгерген Маратты бір жасында америкалық отбасы асырап алғанды. Бірақ оның ұлтын, туған жерін үнемі есіне салып отырған. Ал, Рүстемді асыраған анасы Майра Калимова да оның бауырын іздестірген. Алайда, мұхиттың әр жағындағы Теодордан еш хабар ала алмаған.

Рүстем Оразғалиев, Күршім ауылының тұрғыны:

- Оған: «бауырым Марат, қалың қалай» деп жаздым. Мені танисың ба дедім? «Ол түсінбеймін» деп, маған ағылшынша бірдеме жазды. Мен де жаздым, түсінбей жатқанымды.

Теодор Уолтон, Рүстем Оразғалиевтің інісі:

- Мен Қазақстан туралы көп білмеймін. Қазір оқып, біліп жатырмын. Сәлем жолдағым келеді. Туған жерімді көргім келеді. Әсіресе, Өскеменді көрсем деймін. Міне, бауырым Рүстемді таптым. Енді Қазақстанға барсам деймін. Ал Рүстемді табамын деп ойламаған едім.

Хабар 24 телеарнасы