426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да «Еңбек» бағдарламасымен несие алып, іс бастағандар көп

  • 439
  • UPD: 23:07, 22.05.2020

Кәсіп түбі – нәсіп.

Шығыста нәтижелі жұмыспен қамту «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алып іс бастағандар көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек өткен жылы аймақта 2,5 миллиард теңгенің зайымы берілген.

Жеңілдетілген несие алғандардың бірі – Ұлан ауданында тұратын Ділмұрат Жұмашұлы. Шаруашылық иесі мал басын көбейту үшін екінші рет несие рәсімдеді. Қазір ол қорасын малға толтырып, әрі туристік сала бойынша да өз кәсібін кеңейтуді көздейді.

Ділмұрат Жұмашұлы – көп балалы отбасы. Алла берген алты баласы бар. Ал, шаруашылығын атын үлкен ұлының есімімен атаған. Ол төрт жыл бұрын 5 миллион теңге жеңілдетілген несие алады. Бұл қаржыға 14 бие мен 2 құлын сатып алды. Қазір оның тебінінде 2 үйір жылқысы бар. Ал, биыл көктемде несие алып, сиыр сатып алды.

Ділмұрат Жұмашұлы, шаруашылық жетекшісі:

- Осындай  зейнеті мен бейнеті бар жұмысқа адамның жалпы өмір сүруіне ауаның қажеттлігі қандай болса, бізге де сондай қаржылай көмек қажет. Біз өз өнімімізді өзіміз пайдаланып, өз өнімімізді тұтынып отырмыз.

Мал өсіріп, одан алған өнімін шаруашылықты үлкейтуге жұмсап келеді. Биыл алған 32 сиырдан күніне 150 литр сүт сауылады. Сүттің литрін 90 теңгеден өткізіп отыр. Қазір шауашылықта 10 адам тұрақты еңбек етеді. Олар отбасын осы кәсіп арқылы асырап отыр.

Жақсыбек Жақсылық, шаруашылықтың бригадирі:

Он адам жұмыс істейді. Сауыншылар бар. Жайлауда 4 малшы бар. Бойдақ малдармен. Осы жерде сауын сиырлармен айналысамыз. Олар бөлек. Жұмыстың ауырлығы да бар. Сол жұмысына жарай табыстарын да жақсы алады.

Шаруашылық жаңа жобаларды қолға алып жатыр. Нәтижесінде жұмыс орны да көбеймек. Биыл бие байлап, қымыз баптауды қолға алмақ. Дертке дауа, жанға шипа өнімді  демалыс орандарына өткізеді. Ал, туристерге киіз үй тігіп, қымыз ұсынуды ойлап отыр. Шаруашылық жетекшісінің айтуынша, бұл жетістікке мемлектетік бағдарламаның арқасында жеткен.

Асылхан Смаилов, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының облыстық филиалы директорының орынбасары:

- Өте қолайлы бағдарлама. Несиені беруде тиімді ұсыныстар өте көп. Қаржыны берудің мерзімі 7 жыл. Жылдық үстемесі 6%-тен аспайды. Оны өтеуде жеңілдігі де бар. Ал бүгінге дейін 400 өтінім түсті. Шамамен 1.5 миллиард теңгеге.

Ділмұратқа несие 4%-пен берілді. Бұрын тек ауыл тұрғындарына беріліп келсе, биыл дәл осындай жеңілдетілген демеу қаржы Өскемен, Семей, Риддер және Курачатов қаласының  тұрғындарына да берілмек. Басты басымдық – кәсіптен нәсіп тапқысы келетін көп балалы отбасыларды қолау.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы