411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда қылмыс азайды

  • 70
  • UPD: 22:58, 22.05.2020
Алматыда қылмыс азайды

Алматыда карантин кезінде қылмыс жасау оқиғалары азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұзақылық пен адамға қасақана залал келтіру көрсеткіші 50%-ке дейін төмендепті. Дегенмен, біреудің мүлкін ұрлау жағдайлары әлі де бар. Жалпы қала көшелеріндегі тәртіпті патрульдік қызметкерлермен қатар бейнебақылау қамералары қадағалайды. «Қауіпсіз алаң» қағидасы бойынша көп қабатты үйлердің аулаларында мыңға жуық камера орнатылған. Ал, «Сергек» камералары арқылы 2500-ге жуық тәртіп бұзу дерегі мен қылмыс жасау оқиғасы анықталыпты. Келімсектердің кесірінен 117 қылмыстық оқиға тіркелген. Қалада бүгінде 41 мың шетел азаматы бар.

Хабар 24 телеарнасы