432,17 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рұқсат етілмеген жерлерде шомылғандар жауапқа тартылады

  • 370
  • UPD: 23:42, 22.05.2020
Рұқсат етілмеген жерлерде шомылғандар жауапқа тартылады

Рұқсат етілмеген жерлерде шомылған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Бұл туралы бүгін Алматыдағы онлайн брифингте қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мәлімдеді. Шаһар аумағы арқылы 28 шағын өзен ағып өтеді, сонымен қатар 26 су қоймасы орналасқан. Олардың төртеуінде суда шомылуға рұқсат етілген. Дегенмен, қазір қалада карантин режимі екенін естен шығармаған жөн. Сондықтан жағалаудағы қоғамдық демалыс орындарына баруға тыйым салынған. Ал, Сайран көлінің батыс және шығыс бөлігі, Үлкен Алматы өзеніндегі Баум тоғайы мен «Гүлдер» демалыс орнының аумағында шомылуға рұқсат етіледі. Қалған су қоймалары мен тау өзендері қауіпсіз болып саналғанымен шомылуға болмайды.

Бекболат БҰғабаев, қалалық азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:

- Қазір карантин режимі болып тұр ғой. Қазір шомылуға рұқсат жоқ. Қалған су қоймаларында тау өзендерінде ол Есентай, Кіші және Үлкен Алматы каналдарында шомылып жатқан адамдар болса, бірінші кезге ескерту болады. Ол ескерту базаға тіркеледі. Екінші рет сол адам қайтадан шомылғаны байқалатын болса, 2 айлық есептік көрсеткіш бойынша 5556 теңге айыппұл төлейді.

Хабар 24 телеарнасы