399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында «Еңбек» бағдарламасына 40 мыңнан астам адам қатысады

  • 93
  • UPD: 08:40, 23.05.2020
Алматы облысында «Еңбек» бағдарламасына 40 мыңнан астам адам қатысады

Алматы облысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына биыл 40 мыңнан астам тұрғын тартылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатқа 18 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бірінші бағыт бойынша қазірдің өзінде 135 адам қысқа мерзімді оқытудан өтіп жатыр. Сонымен қатар өз ісін жаңа бастаған 1100 кәсіпкерге шағын несие беріліп, 27 мыңнан астам адам қоғамдық жұмыстарға тартылады. Мамандардың айтуынша, бағдарламаға қатысу ережелері өткен жылмен салыстырғанда біршама жеңілдеген. Мәселен, несие алу үшін енді жеке кәсіпкерлікті тіркеудің еш қажеті жоқ. Бұл үшін бірыңғай жиынтық төлем жасасаңыз жеткілікті. Ал көп балалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылар грант алу үшін бұрынғыдай «Бастау» курсынан өтпейді.

Бақыт Жақсыбаева, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

– Қысқа мерзімді оқыту бітірудің оларға қажеті жоқ. Барып, арызын тапсырса олар грант ала алады. Енді өз істерін ашуға бұл да мемлекет тарапынан көмек «Еңбек» бағдарламасының шеңберінде. Сонымен қоса жастар үшін жастар тәжірибесіне жолдап жатырмыз. Қазіргі уақытта 477 түлек жастар практикасында жүр.

Хабар 24 телеарнасы