425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында әкімдіктерге жаңа қызметтік көлік беріледі

  • 526
  • UPD: 08:42, 23.05.2020
Атырау облысында әкімдіктерге жаңа қызметтік көлік беріледі

Атырау облысындағы Қызылқоға ауданы бойынша жалпы құны 115 млн теңге болатын 18 автокөлік сатып алынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс орталығынан шалғай орналасқан, асфальт төселмеген қиырдағы ауылдар үшін бұл өте өзекті проблема болатын. Жалпы, аталған ауданда ауыл әкімдерінің қызметтік көліктері соңғы 10 жылда жаңармаған екен. Енді осы олқылықтың орны толып, ауылдарға жаңа қызметтік көліктер берілмек.

Айдулат Кенжебеков, Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары:

– Ауылдардың аудан орталығымен арақашықтығы  жүздеген шақырым. Күні бүгін әкімдер өз көліктерімен қатынасып келген. Енді 10 округ пен 5 ауылдық бөлімге жол талғамайтын жаңа автокөлік алатын болдық.

 

 

Хабар 24 телеарнасы