399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада полицейлер төрт түлікке жарық шашатын таспа тағуды ұсынды

  • 128
  • UPD: 20:32, 23.05.2020
Қызылордада полицейлер төрт түлікке жарық шашатын таспа тағуды ұсынды

Қызылордалық полицейлер үй жануарларына жарық шағылыстыратын алқа тағуды ұсынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көлік жүргізушілеріне ымырт үйіріле жол үстіне шыққан түлікті бірден байқау қиынға түсетіні анық. Сондықтан малдың бас жібін сәуле шағылыстыратын материалдан тіксе, қою қараңғыда дереу аңғарып, соқтығысудың алдын алар еді. Бұл бастама 2 жыл бұрын да көтерілген болатын. Сол уақыттан бері қас қарая трассада мал қағу дерегі біршама азайып қалды. Полицейлер жылтырақ қорғану құралын төрт түліктен бөлек адамдарға да қолданған дұрыс дейді. Әсіресе оқушылар, құрылысшылар мен велосипед мінгендерді жабдықтаған жөн. Жалт-жұлт еткен жапсырма көліктегі жүргізушіге 130 метрден байқалып, қырағылығын арттыруға септігін тигізеді. 

Шәмшидин Әмитов, ОПД бастығының бірінші орынбасары:

– Өткен жылдың өзінде республикалық маңызы бар Шымкент-Самара автомобиль жолының бойында мал қағудың 8 дерегі болып,  2 адам қаза тапты, 13 адам түрлі дене жарақатын алған. Малдың қараусыз жайылып жүруі жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыруы мүмкін. Осыған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабына сәйкес әкімшілік шара қарастырылатындығын жеткіземіз.

 

Хабар 24 телеарнасы